САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады
АҚШ президенті жексенбі күні: «Ормуз бұғазының ешқандай төлемсіз толық ашылуына және сонымен бір мезгілде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің қоршауын дереу алып тастауға толық өкілеттік беремін», – деді.
Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады
Трамп "Truth Social" желісінде Иранмен атысты тоқтату туралы келісімнің «толықтай аяқталғанын» растады. (Сурет: МҰРАҒАТ) / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге қол жеткізілгенін жариялап, Ормуз бұғазының қайта ашылуына және АҚШ әскери-теңіз күштерінің қоршауын алып тастауға рұқсат бергенін мәлімдеді.

Трамп “Truth Social” платформасындағы жазбасында:

«Иран Ислам Республикасымен келісім енді толық аяқталды. Баршаңызды құттықтаймын!», – деп жазды.

Ол сондай-ақ: «Осы арқылы Ормуз бұғазының ешқандай төлемсіз толық ашылуына және бір мезгілде Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштері қоршауының дереу тоқтатылуына толық өкілеттік беремін», – деп қосты.

Трамп сондай- ақ: «Әлем кемелері, қозғалтқыштарыңызды іске қосыңдар. Мұнай ағылсын!», – деп жазды.

Алайда президент мәлімдемесінде келісімнің егжей-тегжейлері немесе қабылданған шараларды жүзеге асыру тәртібі туралы қосымша ақпарат берген жоқ.

«Дереу және тұрақты» бітім

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф қарқынды келіссөздерден кейін дүйсенбі күні таңертең АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімге қол жеткізілгенін жариялады.

Шариф “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Қарқынды келіссөздерден кейін Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы арасында Бейбітшілік келісіміне ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНІН қуана хабарлаймыз», – деп жазды.

Ол сондай-ақ: «Екі тарап та Ливанды қоса алғанда барлық бағытағы әскери операциялардың дереу және тұрақты түрде тоқтатылғанын жариялады», – деді.

Шарифтің айтуынша, келісімге ресми қол қою рәсімі 19 маусым күні Швейцарияда өтеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі Фидан: "АҚШ пен Иран арасындағы келісімді құптаймыз"