Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында: «Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында қол жеткізілген келісімді өңірімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнығуы жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаймын және оны құптаймын. Бүкіл әлем күткен бұл жаңалық өңірімізде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қалыптасуына жол ашады деп үміттенемін. Келісімге қол қойылатын күнге дейінгі кезеңде шиеленісті күшейтетін мәлімдемелерден, арандатушылық әрекеттерден аулақ болу өте маңызды. Осы нәтижеге қол жеткізуге қосқан ерекше күш-жігері үшін ең алдымен АҚШ пен Иран басшылығына, сондай-ақ Пәкістанға алғыс айтамын. Сонымен қатар Катар мен Сауд Арабиясының дипломатиялық қолдауын жоғары бағалаймын. Түркия ретінде өңірімізде бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдауды, сондай-ақ дипломатия мен халықаралық құқық негізінде тұрақты шешімдерге үлес қосуды жалғастырамыз».
ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған АҚШ–Иран келісімін оң бағалады
Президент Ердоған: «АҚШ пен Иран арасында қол жеткізілген келісімді өңірімізде бейбітшілік пен тыныштықтың орнығуы жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаймын және оны құптаймын», - деді.

Іздеу






















