Президент Ердоған Әзербайжанның 15 маусым Ұлт азаттық күніне орай құттықтау жолдады.
Әлеуметтік желідегі парақшасында дос әрі бауырлас ел Әзербайжанды Ұлт азаттық күнімен құттықтаған Ердоған: «Бауырлас ел Әзербайжанды 15 маусым Ұлт азаттық күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз – екі мемлекет, бір ұлтпыз. Осынау маңызды күнде барлық әзербайжандық бауырыма Түркияның сәлемі мен ыстық ықыласын жолдаймын», – деді.























