Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран әлеуметтік желідегі парақшасында Анкараның «Түркия ғасырына» сай келетін тағы бір маңызды нысанға ие болғанын атап өтті.
Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылатын Анкара әуежайы мен оған жалғасатын жолдардың соңғы 23 жылда көлік және инфрақұрылым саласында жүзеге асырылған ірі серпілістердің жаңа белгісі болатынын айтқан Дуран былай деді:
«Елордамыз Анкара “Түркия ғасырына” лайық тағы бір маңызды нысанға ие болып отыр, Түркия қарқын алып келеді. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен бүгін ашылатын Анкара әуежайы мен оған жалғасатын жолдар соңғы 23 жылда көлік және инфрақұрылым саласында жүзеге асырылған ауқымды серпілістердің жаңа айғағына айналады.
Заманауи инфрақұрылымы мен стратегиялық орналасуының арқасында Анкара әуежайы елордамыздың халықаралық рөлін және авиациялық мүмкіндіктерін одан әрі күшейтеді. Сондай-ақ 7–8 шілде күндері өтетін НАТО саммиті аясында әлем көшбасшыларын қарсы алып, Түркияның дипломатиялық ықпалы мен жоғары деңгейдегі іс-шараларды қабылдау қабілетіне үлес қосады.
Түркияны барлық салада алға жетелейтін осы көзқарастың нәтижесі ретінде бой көтерген Анкара әуежайының елордамызға, ардақты халқымызға және мемлекетімізге игілік әкелуін тілеймін. Осы іске үлес қосқан барша азаматқа алғысымды білдіремін».
























