МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
«Параәлеуметтік» сөзі «Cambridge» сөздігі тарапынан жыл сөзі болып таңдалды
Сөздік «параәлеуметтік» терминін медиа тұлғалармен немесе жасанды интеллектпен қалыптасатын біржақты байланыс ретінде анықтайды. Бұл цифрлық мәдениеттің эмоциялық қарым-қатынас орнату тәсілімізді қалай өзгертетінін көрсетеді.
«Параәлеуметтік» сөзі «Cambridge» сөздігі тарапынан жыл сөзі болып таңдалды
«Параәлеуметтік» сөзі «Cambridg» сөздігі тарапынан жыл сөзі болып таңдалды

«Cambridge» сөздігі 2025 жылдың сөзі ретінде «параәлеуметтік» терминін таңдады. Бұл термин адамдардың бейтаныс адамдарға сезінетін байланысын білдіреді.

Бұл таңдаудың өзі адамдардың танымал жұлдыздармен, инфлюенсерлермен және жасанды интеллект чатботтарымен орнататын біржақты қатынастар мен эмоциялық байланыстарға қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Терминді алғаш рет социолог Дональд Хортон мен Ричард Воль ұсынған. Олар теледидар көрермендерінің экрандағы адамдармен отбасы немесе достық қатынасқа ұқсас «параәлеуметтік» байланыс орнататынын байқаған болатын.

Сөздік атақты әнші Тейлор Свифт пен америкалық футболшы Трэвис Келсенің қарым-қатынасын мысалға келтіріп, көптеген жанкүйердің оларды мүлде танымаса да оларға ерекше жақындық сезінетінін атап өтті.

«Cambridge» сөздігі сейсенбі күнгі мәлімдемесінде, жасанды интеллект боттарымен қалыптасатын параәлеууметтік байланыстардың адамдардың «ChatGPT»-ге сырлас, дос, тіпті романтикалық серік секілді қарайтынын хабарлады.

Мәлімдемеде параәлеуметтік қатынастардың артуы жанкүйерлер мәдениетін, жұлдыз түсінігін және жасанды интеллект дәуірінде қарапайым адамдардың өзара онлайн әрекетін жаңаша қалыптастырып жатқаны атап өтілді.  

Мәлімдемеде «Әлемде миллиондаған адам параәлеуметтік қатынаста өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ көптеген адам бұл құбылыстың қалай дамып жатқанын қызығушылықпен бақылауда. Деректер де мұны дәлелдейді. «Cambridge» сөздігінің сайтында «параәлеуметтік» сөзін іздеу айтарлықтай артқан», -делінген.

 

Іздеу
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Трамп пен Шара телефон арқылы сөйлесті
Түркия құрамасының келесі қарсыласы – Солтүстік Македония
Сабиха Гөкчен әуежайы рекорд жаңартты
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады
Арда Гүлер Чемпиондар лигасының ең жарқын ойыншысы атанды
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды
Хормозган байланыс мұнарасына жасалған шабуылдан кейін Иран Кувейттегі АҚШ әуе базасына соққы берді
Киев Ресейдің құбырын және мұнай қоймасын бомбалағанын мәлімдеді
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады