Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде кездесті. Екі министр делегациялар арасындағы келіссөздер алдында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Фиданның айтуынша, Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас екі ел басшылары айқындаған бағыт негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында институционалдық сипат алып нығаюда.
Ол Кавказ, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Африка бастаған көптеген өңірлік мәселе бойынша пікір алмасатынын айтып, «Түркия Украина мәселесін шешуге қажетті барлық қолдауды жалғастырады. Түркия кез келген бітімгерлік бастамаға үлес қосуға дайын. Араағайын ел ретінде күш-жігерді жалғастыра береді. Өйткені жалғасып жатқан соғыс өңіріміздегі тұрақсыздықты одан әрі күшейтіп отыр. Сондықтан мүмкіндігінше тезірек аяқталуы қажет», – деді.
Ал Сергей Лавров Хакан Фидан бастаған делегацияны Мәскеуде қабылдағанына қуанышты екенін жеткізді.
«Біздің күн тәртібімізде тек екіжақты қатынастар ғана емес, өңірлік және халықаралық мәселелер де бар. Біз бұл мәселелер бойынша үнемі пікір алмасып келеміз. Таяу Шығыс, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы жағдайларды тұрақты түрде талқылаймыз. Украинадағы ахуалды әділ жолмен реттеуге бағытталған Түркияның күш-жігерін жоғары бағалаймыз», – деді Лавров.





















