ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия президенті: «Мыңжылдық тарихымыз әділдік пен мейірімге негізделген»
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.
Түркия президенті: «Мыңжылдық тарихымыз әділдік пен мейірімге негізделген»
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысында Израиль үкіметін сынға алды.

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

Өз сөзінде Ердоған: «Біз – тарихы ұлы, ар-ожданы биік халықпыз. Ғасырлар бойы құлағанға қол ұшын создық, қиындыққа тап болғандарға көмекке жеттік. Елімізге пана іздеп келгендерге есігімізді аштық», – деп айтып, Израиль үкіметін сынға алды.

Ердоған сөзін былай жалғастырды:

«Қолдарына 73 мың жазықсыз Газа тұрғынының, олардың басым бөлігі балалар мен әйелдердің қаны сіңген қылмыстық топтың елімізге қатысты жала-жапқандарын еш елемейміз. Біздің тарихымызда геноцид те, қырғын да, зұлымдық та, отаршылдық та болған емес. Біздің мыңдаған жылдық даңқты тарихымызда тек әділдік пен мейірім ғана бар. Біз дініне, тегіне, болмысына қарамастан барлық мұқтаж жанға қол ұшын созып келдік. Инквизиция мен нацистік қудалаудан қашқандарға пана беретін дәстүріміз бар. «Тақымды да, тәжімді де беремін, бірақ мемлекетіме паналағандарды бермеймін», – деген қаһарман ата-бабаларымыздың асқақ ұстанымы бар. Егер өз тарихтарына көз салса, Газадағы айуандықтарын бүркемелеу үшін Түркия мен түрік халқына жала жауып жүргендер мұны бәрінен жақсы біледі».

Іздеу
Иран қауіпсіздікті күшейту үшін шекараға әскер орналастырды
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Қытайда жеңіл ұшақтардың ұшуына шектеу қойылды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Иран президенті: "Катарда бұғатталған 12 миллиард долларлық активтің жартысы елге оралады"
Президент Ердоған: "НАТО Анкара саммиті тәжірибе алмасудың ең қуатты тұғыры болады"
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
«Израильдің басқыншылық әрекеттерінің тоқтауы – әлемдік бейбітшіліктің кепілі»