СПОРТ
1 ... минут оқылды
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та
Тәжірибелі ойыншылар мен жас жұлдыздардан құралған Түркия ұлттық құрамасы 24 жылдан кейін алғаш рет қатысқалы отырған Әлем чемпионаты алдында соңғы дайындықтарын бастады.
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та

Түркияның ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы «FIFA» Әлем чемпионатына дайындалуда. Команда сейсенбі күні АҚШ-қа жетті.

Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласына келген құраманы Түркияның АҚШ-тағы елшісі Седат Өнал мен бас консул Ресул Шахинол қарсы алды.

Түркия құрамасы Венесуэламен жолдастық кездесу өткізеді.

Винченцо Монтелланың жетекшілігіндегі түрік құрамасы 2002 жылдан кейін алғаш рет Әлем чемпионатына қатыспақ. Команда капитан Хакан Чалханоглу, Арда Гүлер және Кенан Йылдыз сынды ойыншылар бастаған мықты құраммен додаға қатысады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды

«D» тобы көпшіліктің басты назарында

Венесуэламен өтетін жолдастық кездесуден кейін Түркия құрамасы Әлем чемпионатына арналған оқу-жаттығу жиынын Аризона штатының Меса қаласында өткізеді.

Түркия құрамасы «D» тобынан шығу үшін Австралия, Парагвай және АҚШ құрамаларымен бақ сынасады.

АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп ұйымдастыратын, 48 құрама қатысатын Әлем чемпионаты 11 маусымда басталып, 19 шілдеге дейін жалғаспақ.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті