ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
Аймақта Израиль әскерінің рейдтері жалғасуда. Соңғы рейдтер Кунейтра уәлаятына қарасты әл-Рафид елді мекенінің батысында тіркелді.
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді / Reuters

Сирия БАҚ-тарының хабарлауынша, Израиль әскері Сирияның оңтүстігіндегі Кунейтра уәлаятына тағы да басып кіріп, бір қойшыны ұстап әкеткен.

«Alikhbariah» телеарнасы Израиль күштерінің Кунейтраның оңтүстігіндегі ауылдық аймақта орналасқан әл-Рафид елді мекенінің батысына қарай ілгерілеп, бір адамды қамауға алғанын хабарлады.

Израиль күштері бұған дейін де бұл аймаққа бірнеше рет рейд жүргізген. Телеарнаның мәліметінше, жұма күні Израиль күштері әл-Рафидтің батысына тағы да  басып кірген.

Соңғы бірнеше айда Сирияның оңтүстігінде Израиль әскерінің рейдтері, тінту, тұтқындау және әскери бақылау бекеттерін орнату әрекеттері жиілеген.

Бұл әрекеттер 2024 жылдың желтоқсанынан кейін артты. Сол кезде Израиль 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің күші жойылғанын мәлімдеп, Сириядағы буферлік аймақты бақылауына алған еді.

Израиль күштерінің рейдтері АҚШ-тың араағайындығымен өткен келіссөздермен тұспа-тұс келді

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскерінің құрлықтағы әрекеті Сирия мен Израильдің жоғары деңгейдегі делегациялары Иорданияда АҚШ-тың араағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан кезде болған. Кездесуде Израильдің соңғы шабуылдарынан кейінгі шиеленісті бәсеңдету мәселесі талқыланған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирия мен Израиль өкілдері кездесті

Сыртқы істер министрі Асад әл-Шайбани бастаған Сирия делегациясы барлау басшыларымен бірге Израиль шабуылдарын, ұстап әкету әрекеттерін және рейдтерді тоқтатудың нақты тетіктерін қалыптастыру мәселесіне назар аударды. Сонымен қатар қауіпсіздік жөніндегі келісімді қайта жандандыру мүмкіндігі де сөз болды.

Келіссөз барысында Дамаск Сирияның егемен мемлекет екенін және ұлттық армиясын қайта құруға, сондай-ақ ешқандай шектеусіз өз серіктестерін айқындауға толық құқығы бар екенін атап өтті.

Сирия оккупацияланған Голан жоталарының өз аумағы екенін мәлімдеп, басты талап Израиль күштерінің 2024 жылдың 8 желтоқсанына дейінгі шепке шегінуі және 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің толық қайта күшіне енуі екенін жеткізді.

Іздеу
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Сирия сыртқы істер министрі Пәкістанға барды
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сирияға жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады