Сыртқы істер министрі Фидан телефон әңгімелеріне қатысты “NSosyal” парақшасында жазба жариялады.
Аймақтағы соңғы оқиғаларға байланысты жүргізген дипломатиялық байланыстары аясында мысырлық әріптесі Абдель Ати және сауд арабиялық әріптесі бин Фарханмен телефон арқылы сөйлескендерін білдірген Фидан «Әңгімемізде Газа бейбітшілік жоспарын іске асыруда туындаған іркілістерді және біз басатын қадамдарды талқыладық», — деген сөздерді қолданды.
Фидан сонымен бірге Сириядағы соңғы оқиғаларды да талқылағандарын айтып, Сирияда тыныштық пен тұрақтылықты орнатуға деген мықты қолдауларын тағы бір мәрте атап өткендерін жеткізді.
Сондай-ақ Ормуз бұғазындағы жағдай мен қақтығысушы тараптар арасында жалғасып жатқан келіссөздердің соңғы барысы қолға алынғанын білдірген Фидан: «Аймағымызда бейбітшілік пен өркендеуді қалайтын үш бауырлас ел ретінде барлық саладағы ынтымақтастығымыз бен үйлесімділігімізді нығайтуды жалғастырамыз», — деді.

















