ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек
Ирактың Түркияға тәулігіне 1 миллион баррельге дейін мұнай жеткізу жоспары Ирак–Түркия мұнай құбырын тиімді пайдалануға және Жейханның Таяу Шығыс мұнайын әлемдік нарыққа шығарудағы рөлін арттыруға бағытталған.
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек
Ирак-Түркия мұнай құбыры

Ирак премьер-министрі Әли Фалих әз-Зейди 28 шілдеде Түркияға тәулігіне 1 миллион баррельге дейін мұнай жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл Ирактың Анкараның энергетикалық хаб болу жоспарындағы маңызды серіктеске айналып келе жатқанын көрсетеді.

1 тамызда Түркия мен Ирак арасында жасалған бір жылдық келісімге сәйкес, Ирак–Түркия мұнай құбыры арқылы Жейханға тәулігіне кемінде 750 мың баррель шикі мұнай тасымалдау жоспарланып отыр.

Осылайша тәулігіне шамамен 1,5 миллион баррель техникалық қуаты бар құбырды тиімдірек пайдалану және Жейханға жеткізілетін Ирак мұнайының көлемін айтарлықтай арттыру көзделуде. Ал алдағы кезеңде Кувейт пен Парсы шығанағындағы басқа елдердің мұнайын да осы бағыт арқылы әлемдік нарыққа шығару жоспарланып отыр.

Бұл жоспар әсіресе Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалында іркілістер болып, балама экспорт бағыттарының маңызы артқан кезеңде Анкараның Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер мен Батыс нарығы арасындағы энергетикалық дәліз ретіндегі рөлін күшейтуі мүмкін.

Сонымен қатар Түркия мұнай корпорациясы (TPAO) 2028 жылы тәулігіне шамамен 500 мың баррельге жетуі жоспарланған мұнай мен табиғи газ өндірісін орта мерзімде 1 миллион баррельге дейін арттыру мақсатында шетелдегі қызметін кеңейтіп келеді.

TPAO 28 шілдеде «bp Energy Company of Kirkuk Limited» компаниясының 15 пайыздық үлесін сатып алып, Киркуктегі мұнай кен орындарын игеруге серіктес болған еді. Келісім бойынша TPAO «bp» және «ConocoPhillips» компаниялары Баба мен Авана құрылымдарында, сондай-ақ Бай-Хасан, Жамбур және Хаббаз кен орындарында өндірісті арттыру үшін бірлесіп жұмыс істемек.

Іздеу
«TEKNOFEST Көгілдір Отан 2026» бүгін басталады
Түркия мен Сирия арасында кен өндіруде стратегиялық әріптестік
Президент Ердоған Жапония премьер-министрі Такаичимен телефон арқылы сөйлесті
Ресейдің Башқұртстан аймағындағы мұнай өңдеу зауыты шабуыл салдарынан зақымданды
Трамп Солтүстік Корея лидерімен биыл кездесу өткізуді талап етуде
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Иран Мәжілісінің төрағасы Калибаф Иракқа сапарын Сүлейманиге тағзым етуден бастады
Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды мақұлдауға шақырады
Трамп Ормуз бұғазын 'АҚШ территориясы' ретінде бейнелейтін суретті жариялады
Сирияда газ тасымалдайтын құбыр желісінде жарылыс болды
Гөлжүкте «Көгілдір Отан» толқыны: TEKNOFEST-ке тіркелу басталды
Түркия жаһандық жасанды интеллект орталығы болу жол картасын іске қосты
Франция орман өрттерімен күреске қолдау көрсеткен  елдерге алғыс айтты
Аракчи: «АҚШ-пен жасалған келісімді жүзеге асыруға ең үлкен кедергі – Израиль»
Нетаньяху мен Кушнер Газа мәселесінде келісе алмады