Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Қазақстан президенті: «Бұл – біздің стратегиялық мақсатымыз», – деді.
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Президент Тоқаев Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистикалық орталыққа айналуы қажет екенін атап өтіп, «Бұл – біздің стратегиялық мақсатымыз», – деді.

Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, жұмыс сапарымен Қытайдың Шанхай қаласына барған Тоқаев осы елдің жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті.

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін айтты.

Екі ел қарым-қатынасының «алтын дәуірге» қадам басқанын атап өткен Тоқаев стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қытай төрағасы Си Цзиньпинге алғыс білдірді.

Тоқаев екі ел арасындағы саяси сенім сауда, инвестиция және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы рекордтық деңгейге жетіп, 49 миллиард долларды құраған. Ал Қытай осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салған.

Елде қытай капиталының қатысуымен 8 мың 500-ден астам компания жұмыс істейтінін айтқан Тоқаев «CNPC», «CITIC» және «Huawei» секілді компаниялардың Қазақстан экономикасын жаңғыртуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ президент Тоқаев екі елдің көптеген бірлескен жобаны жүзеге асырғанын еске салып, бұл жобалардың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылғанын, озық технологиялар енгізілгенін және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың нығайғанын айтты.

Тоқаев Қытайдың автомобиль өндіруші компаниялары Қазақстанда өндіріс ашқанын да атап өтті. Оның айтуынша, елде «HOWO», «Yutong» және «JAC» маркалары шығарылады. Ал өткен жылы «Changan», «Great Wall Motor» және «Chery» көліктерін өндіретін зауыт іске қосылды.

«Қазақстан негізгі логистикалық орталыққа айналуы тиіс»

Тоқаев Қазақстанның Еуразия көлік желісінде шешуші орын алатынын атап өтіп, «Қазақстан Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистикалық орталыққа айналуы тиіс. Бұл – біздің стратегиялық мақсатымыз», – деді.

Мемлекет басшысы ел аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтетінін айтып, Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, соңғы 15 жылда көлік-логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам инвестиция салынған. Жаңа теміржол желілері салынып, Транскаспий халықаралық көлік бағытының яғни Орта дәліздің мүмкіндігі арттырылған.

Президент сондай-ақ аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан стратегиялық пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі саналады және халықаралық серіктестермен бірлесіп, құны жоғары өндірісті дамытуды көздейді.

Құны 15 миллиард долларлық келісімдер

Сонымен қатар Тоқаевтың Шанхайға сапары аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

Келісімдер жасанды интеллект пен цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіп, машина жасау және басқа да жоғары технологиялық салаларды қамтиды.

 

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?