ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Өнжу Кечели Грекияның түрік азшылығына тиесілі кейбір мектептерді жабу туралы шешімін айыптады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Кечели Грекияның Батыс Фракия түрік азшылығына тиесілі 8 бастауыш мектепті жабу туралы шешімін айыптады. (AA)

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Өнджү Кечели Грекияның оқушы санының жеткіліксіздігін сылтау етіп, Батыс Фракиядағы түрік азшылығына қарасты 8 бастауыш мектепті жабу туралы шешімін айыптады.

Өнджү Кечели бұл туралы “X парақшасында мәлімдеді.

Кечели аталған шешімнің нәтижесінде Батыс Фракиядағы түрік азшылығының бастауыш мектептерінің саны 76-ға дейін азайғанын атап өтіп,

«Грекияның оқушы санының жеткіліксіздігін сылтау етіп, Батыс Фракиядағы түрік азшылығына қарасты 8 бастауыш мектепті жабу туралы шешімін айыптаймыз», – деді.

Сондай-ақ ол Ксанти қаласындағы №1 Түрік азшылығы бастауыш мектебінің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау кезінде жаңа кедергілердің қойылуы Батыс Фракиядағы түрік азшылығының білім алу құқығын шектеуге бағытталған жүйелі әрекеттердің бірі екенін айтты.

Кечели бұл шешімдер мен тәжірибелердің Лозанна бейбітшілік шартының ережелерін бұзу болып табылатынын атап өтіп, былай деді:

«Батыс Фракиядағы түрік азшылығына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтаған халықаралық соттардың шешімдерін және Еуропаның негізгі институттарының ұсынымдарын орындаудан жалтарып отырған Грекияны азшылықтардың құқықтары мен негізгі адам құқықтарына қатысты халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерін орындауға шақырамыз. Түркия Батыс Фракиядағы түрік азшылығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы күресін табанды түрде қолдауды жалғастыра береді.»

Іздеу
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»