САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Андрей Сибига бейбітшілік үдерісіне жаңа серпін беретін қадам көшбасшылар саммиті болатынын айтты.
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Хакан Фидан Украина астанасы Киевте әріптесі Андрей Сибигамен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей мен Украина арасындағы соғыстың Қаратеңізге ұласуын қаламайтындарын білдіріп, «Қаратеңіздегі порттардың, танкерлер мен балықшы қайықтарының нысанаға алынуы және бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндірілуі ақтауға келмейді», – деді.

Фидан бұл туралы Украина астанасы Киевте Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

Ол шиеленістің түрлі жолдармен күшейіп келе жатқанын жеткізді.

Фидан Қаратеңізге қауіп төндіретін оқиғалар алаңдаушылықты одан әрі арттырғанын айтып, «Ресей мен Украина арасындағы соғыстың Қаратеңізге ұласуын қаламаймыз», – деді.

«Түркия теңіз күштеріне басшылық етуді қабылдады»

Фидан Ресей мен Украина арасында жасалуы ықтимал бейбіт келісімнің ең маңызды тармақтарының бірі Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл кепілдіктер құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі қауіпсіздік шараларын қамтиды.

Осы тұрғыда Түркияның үлесіне тоқталған Фидан: «Түркия теңіз  күштеріне жетекшілік етуді өз мойнына алуға келісті. Бұл мәселе бойынша одақтастарымызбен ортақ келісімге келдік. Қазіргі таңда одақтас елдердің әскери-теңіз күштері де жоспарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді.

Сибига: «Ресеймен атысты тоқтатуға дайынбыз»

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига елінің Ресеймен атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеп, бейбітшілік үдерісіне жаңа серпін беретін келесі қадам көшбасшылар саммиті болатынын айтты.

Сибига Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин арасында өтуі ықтимал кездесудің Түркияда өтуі мүмкін екенін айтты.

 

Іздеу
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді