ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия 290 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартты
Өмер Болат Түркияның бүгінге дейін 89 мың компания арқылы жалпы көлемі 290 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартқанын мәлімдеді.
Түркия 290 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартты
Түркия 290 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартты / AA

Түркия–Литва отырысында сөз сөйлеген Болат Литва үкіметі мен халқына Түркияның Еуропа Одағына мүшелік үдерісі аясындағы келіссөздері мен Кеден одағын жаңғыртуға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Оның айтуынша, тартылған инвестициялардың шамамен 70 пайызы Еуропа Одағы елдерінен келген. Бұл Түркия мен Еуропаның өнеркәсібі мен салаларының жеткізу тізбектерінің қаншалықты тығыз ықпалдасқанын көрсетеді.

Болат: «Түркия  ̶  Еуропа экономикасы мен өнеркәсібі үшін сенімді, тұрақты әрі берік логистикалық орталық. Бұл біз жоспарлап отырған мердігерлік жобалар тұрғысынан да маңызды артықшылық», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда

Кеден одағын жаңғырту мәселесіне тоқталған Болат бұл үдерістің Еуропа Одағы Кеңесі комиссияға мақұлдау туралы ақпарат берген жағдайда басталатынын айтты.

Сондай-ақ ол Түркия мен Литва арасындағы екіжақты қатынастарға тоқталып, екі ел арасындағы сауда көлемі қазірдің өзінде 1,1 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ алдағы жылдары 1,5 миллиард долларға жетеді деген сенім білдірді.

Іздеу
Түркия вице-президенті Еуропа саяси қоғамының 8-ші саммитінің ашылу рәсіміне қатысты
Астрономдар 27 жаңа ықтимал ғаламшарды анықтады
АҚШ-тың 16 әскери базасы Иран шабуылдарынан зақымданды
ДДСҰ: «Хантавирус індетінен үш адам қайтыс болды»
АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару үшін әскери-теңіз миссиясын бастады
Президент Ердоған Мұхаммед Әли Зейдимен телефон арқылы сөйлесті
Украина Ресейдің әскери кемелеріне соққы берді
АҚШ өзі ұстаған кеме мен оның экипажын Иранға қайтару үшін Пәкістанға тапсырды
Иран АҚШ-қа бір ай уақыт берді
Технологияның жүрегі «SAHA-да» соғады
Президенттік веложарыста Бервик жеңіске жетті
«Жаһандық Сумуд» флоты белсенділері Крит аралына жетті
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді»
Түркия мен Грекияның Сыртқы істер министрлері  Израильдің шабуылын талқылады
Германияның бұрынғы президенті: «Әлем Түркияға мұқтаж»