Дипломатиялық дереккөздердің мәліметінше, Фидан Брюссельде НАТО Бас хатшысы Рюттемен келіссөз жүргізді.
НАТО-ның баспасөз хатшысы Эллисон Харт “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында кездесуге қатысты мәлімдеме жасады.
«НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мен Түркия Cыртқы істер министрі Хакан Фидан Қаратеңіздегі жағдайды қоса алғанда, қазіргі қауіпсіздік ахуалын, сондай-ақ Түркияның НАТО-ның тежеу және қорғаныс әлеуетін нығайтуға қосып отырған маңызды үлесін талқылады», – деп жазды Харт.




















