САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Нетаньяху: «Біздің жоспарымыз – Ирандағы билікті құлатуға бағытталған жан-жақты әрі нақты жоспар», – деп мәлімдеген болатын.
Аракчи: «Нетаньяху АҚШ-ты соғысқа итермелеуде»
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды түрме жазасынан жалтару үшін АҚШ-ты Иранмен жаңа соғысқа итермелеп отыр деп айыптады.

Аббас Аракчи «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Нетаньяхудың Иранға қарсы мәлімдемелеріне жауап берді.

«Нетаньяху бас бостандығынан айырылмау үшін Израиль мен АҚШ президенті үшін туындауы мүмкін салдарды ескермей, АҚШ-ты жаңа соғысқа итермелеп отыр», – деді Иран Сыртқы істер министрі.

Иранды біржола талқандауға бағытталған шабуылдардан кейін елдің бұрынғыдан да күшейе түскенін айтқан Аракчи: «Бағыңызды тағы бір мәрте сынағыңыз келе ме? Ендеше, байқап көріңіз. Бірақ сақ болыңыз, біздің де әлі аяқталмаған жұмыстарымыз бар», – деді.

 «The Times of Israel» газетінің хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 27 қазанда өтетін сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін екенін айтып, жариялаған қауіпсіздік доктринасында Ирандағы билікті құлату мәселесіне тоқталған.

Нетаньяху Ирандағы экономикалық жағдайдың күн сайын нашарлауы халықтың наразылығын күшейтіп, жаңа шерулерге ұласуы мүмкін екенін алға тартқан.

«Біздің жоспарымыз – Ирандағы билікті құлатуға бағытталған жан-жақты әрі батыл жоспар. Мен барлық қауіпсіздік құрылымына осы бағытта тапсырма бердім», – деген болатын Нетаньяху.

Іздеу
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
«Бешикташ» УЕФА Еуропа лигасында екі ойынның екеуінде де жеңіске жетті
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Иракта алғаш рет Ирак Түрікмен майданының өкілі мемлекеттік министр болды
Түркия АҚШ-тың CAATSA санкцияларын  алып тастауын күтеді
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты