Түркия Сыртқы істер министрлігі Канаданың Альберта провинциясындағы әскери базада болған жарылысқа қатысты жазбаша мәлімдеме жасады.
«Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына, сондай-ақ Канада халқына көңіл айтамыз. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген мәлімдемеде.
Канаданың Альберта провинциясындағы Уэйнрайт әскери базасында болған жарылыстан 4 сарбаз қаза тауып, көптеген сарбаз ауыр жарақат алған еді.























