Нигерияның Борно штатында жолға қойылған минаның жарылуы салдарынан 8 сарбаз қаза тапты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ДАИШ террористік ұйымының Батыс Африкадағы тармағы “ISWAP” Борно штатындағы Кинуба ауылында жолға мина орнатқан. Мина сарбаздар мінген көлік өтіп бара жатқан кезде жарылған.
Жарылыс салдарынан 8 сарбаз қаза тауып, тағы көптеген адам жарақат алды.
Нигерияның түрлі аймақтарында ұзақ уақыттан бері қарулы топтармен қатар «Боко Харам» және ДАИШ-тың Батыс Африкадағы тармағы «ISWAP» террористік ұйымдары шабуылдар жасап келеді.























