Франция үкіметі маусым айында елді қамтыған аптап ыстық кезінде бір апта ішіндегі өлім- жітім саны өткен жылдардағы орташа орташа деңгейден 2 мың 25 адамға артқан.
Денсаулық сақтау министрі Стефани Рист журналистерге берген мәлімдемесінде 22 маусымнан басталған аптада тіркелген өлім саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 30 пайызға артқанын айтты.
Министрдің айтуынша, 22–28 маусым аралығында өлім-жітім өткен жылдардағы орташа деңгейден 2 мың 25 адамға артқан.
Маусым айында Францияны шамамен екі апта бойы жайлаған аптап ыстық көлік, денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс салаларының жұмысына кері әсерін тигізді. Ел астанасы Парижде 26 маусым күні ғана 109 адам аптап ыстық салдарынан көз жұмған.
Синоптиктердің болжамынша, келесі аптадан бастап Францияның барлық өңірінде тағы бір аптап ыстық толқыны әсер етеді деп күтілуде.



















