Пәкістан билігі “Анадолы” агенттігіне берген мәліметте жұма күні жолаушылар автобусының шатқалға құлауы салдарынан кемінде 40 адамның қаза тапқанын хабарлады.
Оқиға автобус Белуджистан провинциясынан шыққаннан кейін көп ұзамай елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған.
Белуджистан үкіметінің ресми өкілі Шахид Ринд “Анадолы” агенттігіне сегіз адамның жарақат алып, ауруханада ем қабылдап жатқанын айтты.
Белуджистан провинциясының бас министрі Сарфраз Бугти құтқару топтарын оқиға орнына жібергенін мәлімдеді.




















