Австралияның халық ең көп қоныстанған штаты Жаңа Оңтүстік Уэльсте өлімге әкелуі мүмкін «H5N1» құс тұмауына қатысты күдікті жағдай тіркелді. Жұма күні ресми өкілдер вирустың таралуы ауыл шаруашылығы мен жабайы табиғат үшін өте қауіпті екенін айтып, жағдайға байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді.
Австралияда қазірге дейін бес жағдай расталды.
Жаңа Оңтүстік Уэльстің бас ветеринар дәрігері Джо Кумб журналистерге: «Біз қолымыздағы деректерге сүйене отырып, ең алдымен қауіпті аймақтар мен нысандарға, соның ішінде жабайы табиғат түрлері мен маңызды табиғи аумақтарға қатысты шаралар қабылдадық», – деді.
Кумб расталған барлық жағдайдың жабайы құстармен байланысты екенін, вирустың жергілікті үй құстары арасында таралғанына қатысты ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.



















