Ресейдің Новороссийск қаласындағы жанармай құю бекеттерінде бензин таусылып, отын сату тоқтатылғаны хабарланды.
Новороссийск әкімдігінің мәлімдеуінше, қаладағы бекеттерде бензин қалмаған, ал дизель отыны тек 8 бекетте шектеулі мөлшерде бар.
Мәлімдемеде көліктерге жанармай тек арнайы карта арқылы құйылатыны айтылды. Алайда бұл мүмкіндікті тек компанияларға тиесілі көліктер ғана пайдалана алады.
Украина дроны Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына зақым келтіріп, көптеген нысан жөндеуге жабылды. Ресей үкіметі жанармай нарығында тұрақтылықты сақтау мақсатында экспортқа шектеу енгізіп келеді.
Мәскеу және Санкт-Петербургпен қатар Ресейдің 40 өңірінде жанармай сатуға шектеу енгізілді.



















