Пәкістанның Белуджистан уәлаятында нөсер жаңбыр салдарынан екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты.
«Dawn» газетінің хабарлауынша, Белуджистан уәлаятының Жоб және Хуздар аймақтарында жауған нөсер жаңбыр екі үйдің шатырының құлауына себеп болды. Салдарынан 4 адам көз жұмып, кемінде 4 адам жараланды. Қаза тапқандардың үшеуі ̶ бала.
Іздестіру-құтқару топтары қаза тапқандардың мәйіттерін үйінді астынан алып шықты, ал жараланғандар ауруханаға жеткізілді.



















