ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Қаза тапқандар арасында бір отбасының 11 мүшесі бар екені хабарланды.
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-батысындағы Сокото штатында фермерлер мен жұмысшылар мінген қайық аударылып, 52 адам қаза тапты.

Нигерияның Төтенше жағдайларды басқару агенттігінің Сокотодағы операциялар бөлімінің басшысы Тукур Абубакар қаза тапқандардың арасында бір отбасының 11 мүшесі бар екенін мәлімдеді.

Апат бейсенбі күні Сокото штатына қарасты Гороньо ауданындағы Горау қаласында болған.

Шамамен 70 адам мінген қайық фермерлер мен жұмысшылар күріш алқаптарына су жолы арқылы бара жатқан кезде аударылып кеткен.

Сокото штаты мәслихатының мүшесі Насиру Адаму алғашқы мәлімдемесінде 40-тан астам адамның қаза тапқанын, құтқарушылар 16 адамды аман алып қалғанын айтқан. Оның сөзінше, қайықтағы жолаушылардың көбі 10-15 жас аралығындағы балалар болған.

Нигерияда жолаушыларды шамадан тыс көп мінгізу, қайықтардың техникалық жағдайының нашарлығы және қауіпсіздік талаптарының жеткілікті сақталмауы салдарынан әсіресе жауын-шашын маусымында қайық апаттары жиі болады.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді