МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Канье Уэстің Түркиядағы алғашқы концертіне 118 мың адам жиналды
Канье Уэстің Түркиядағы алғашқы концертіне Еуропа мен Таяу Шығыстың түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер Стамбулдағы Ататүрік Олимпиада стадионын толтырды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке шамамен 118 мың адам жиналған.
Канье Уэстің Түркиядағы алғашқы концертіне 118 мың адам жиналды
Канье Уэстің Түркиядағы алғашқы концертіне 118 мың адам жиналды / AFP

Әлемдік жұлдыздардың ықпалын тағы бір мәрте көрсеткен оқиға ретінде Йе атымен де танымал америкалық рэпер Канье Уэст 30 мамыр күні Стамбулдағы Ататүрік Олимпиада стадионында өнер көрсетті.

Сахнада сөйлеген сөзінде Уэст бұл шараны «тарихтағы ең ірі стадион концерті» деп атап, «Айта кетейін, біз рекорд жаңарттық. 118 мың адам. Бұл тарихтағы ең үлкен стадиондық концерт», – деді.

Екі сағатқа созылған шоу Канье Уэстің Түркиядағы алғашқы концерті, әрі 2014 жылдан бергі Еуропадағы алғашқы ірі сахналық қойылымы болды.

Әдетте шамамен 75 мың көрерменге есептелген стадион концерт басталардан бірнеше сағат бұрын-ақ толды. Отшашу, лазерлік шоу және жарқыраған алып шармен безендірілген сахна мыңдаған көрермен жиналған ерекше атмосфера қалыптастырды.

Концерт “YouTube” платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, оның жаһандық аудиторияға жетуіне мүмкіндік берді.

Шараға қатысу үшін Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланд, Италия, Ресей, Польша, Қазақстан және басқа да көптеген елден мыңдаған жанкүйер Стамбул қаласында бас қосты.

Кейбір батыс елдерінде Уэстің бұрынғы даулы мәлімдемелеріне байланысты концерттері тоқтатылғанына немесе шектеулер қойылғанына қарамастан, көптеген жанкүйер оған қолдау көрсету үшін арнайы сапарға шыққан.

Ұйымдастырушылардың бағалауынша, концерттің қонақүй, көлік, қоғамдық тамақтану және басқа да шығын арқылы қала экономикасына үлесі 50–100 миллион доллар аралығында болуы мүмкін.

Әлеуметтік желіде кең талқыланды

Концерттен кейін әлеуметтік желіде мыңдаған жазба жарияланды.

Көрермендердің Уэстің «Can't Tell Me Nothing» сияқты хит әндерін қосыла орындаған сәттері кеңінен тарады.

Нигерия мен АҚШ-та танымал әнші Ротими өз жазбасында:

«70 мыңнан астам адам жиналған концертте өнер көрсеттім. Тарихтың бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын», – деп жазды.

Көптеген жанкүйер мен танымал аккаунт концертті Канье Уэстің сахнаға салтанатты түрде қайта оралуы әрі оның әлемдік деңгейдегі ықпалының дәлелі деп атады.

Әлеуметтік желіде он мыңдаған телефон шамдары жарқыраған стадионның әсерлі көріністері мен көрермендердің «Stronger» секілді танымал әндерді бірге орындаған сәттері ерекше назар аударады.

Ойын-сауық саласына арналған парақшалар мен жанкүйерлік қауымдастықтар бұл концертті Еуропада өткен ең ірі рэп концерттерінің бірі деп атады.

48 жастағы рэпер 6 және 8 маусым күндері Нидерландта концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Даулы мәлімдемелер

Алайда Канье Уэст соңғы жылдары жасаған бірқатар мәлімдемесі үшін сынға ұшырап келеді.

Сәуір айында Ұлыбритания билігі оның елге кіруіне рұқсат бермей, Лондонда өтетін “Wireless Festival” шарасына қатысуына шектеу қойылды. Францияның Марсель қаласындағы концерті кейінге шегерілсе, Польшада жоспарланған концерті өткізілмейтін болды.

Іздеу
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады
Түркия мен Алжир президенттері телефон арқылы сөйлесті
АҚШ есірткі контрабандасына қарсы операцияда 2 адамды өлтірді
АҚШ БҰҰ сарапшысы Франческа Альбанезеге қарсы санкцияларды қайта енгізді
ХАМАС Қассам бригадалары қолбасшысының қаза тапқанын растады
Әл-Ақса мешітінде құрбан айт намазы оқылды
Президент Ердоған Газа халқына қолдау білдірді
Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады
Израильдің дрон шабуылынан бес адам қаза тапты
Президент Ердоған құрбан айт мерекесімен құттықтады