Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен әрі «Жаңа Түркия білім беру қорының» (YETEV) қолдауымен 23-ші Мемлекеттік түрік өнері конкурсы басталады.
Министрліктің хабарлауынша, конкурс түрік өнерін қолдауға, осы салада еңбек ететін жаңа таланттарды ашуға және өнерпаздарды дәстүрден қуат ала отырып, төл туындылар жасауға ынталандыруға бағытталған.
Көркемжазу, түптеу-әлдеу, миниатюра, эбру (су бетіне сурет салу), қыш өнері, қалам өнері және катый' (қағаз қию өнері) сияқты жеті номинация бойынша өтетін байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы іріктеген еңбектерден көрме ұйымдастырылады.
Әр номинация бойынша үздік деп танылған үш туынды иесіне жеке-жеке 80 мың лирадан, ал көрмеге қоюға лайық деп танылған жалпы 42 туынды иесіне жеке-жеке 25 мың лирадан, жалпы жиынтығы 2 миллион 730 мың лира ақшалай сыйақы беріледі.
Конкурсқа өтінімдер 20 тамыз мен 15 қазан аралығында «gorselsanat.ktb.gov.tr» сайты арқылы онлайн түрде қабылданады. Ережелер мен толық ақпаратты осы мекенжайдан алуға болады.

























