Словакияның солтүстік-батысындағы Сташков елді мекеніндегі мектепте болған шабуылдан 61 жастағы әйел қаза тапты.
Билік өкілдерінің мәліметінше, әйел кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Жараланғандардың арасында ауруханаға жеткізілген 44 жастағы әйел мен жағдайы ауыр бала бар.
Жергілікті БАҚ шабуылды оқушылардың бірі жасаған болуы мүмкін деп хабарлады.






















