Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі Ресей армиясының түнде жасаған әуе шабуылынан 8 адамның қаза тауып, 22 адамның жараланғанын хабарлады.
Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі таратқан жазбаша мәлімдемеде Ресей армиясының түнде ел астанасы Киевке әуе шабуылын жасағаны айтылды.
Мәлімдемеде шабуыл салдарынан 2 адамның қаза тауып, 8 адамның жараланғаны хабарланды, «Киевте түнгі бомбалау салдарынан 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды. Олардың арасында тұрғын үйлер, пошта бөлімшелері, перзентхана және тоқыма кәсіпорны бар», – делінген.
Сондай-ақ Харьков облысындағы фермаға жасалған шабуылдан 6 адамның қаза тауып, 12 адамның жараланғаны хабарланды.
Мәлімдемеде Одесса облысына жасалған шабуылдан 2 адамның жараланғаны айтылды.
Украина Қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығының мәлімдемесінде 7 зымыран мен әртүрлі үлгідегі 220 ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) залалсыздандырылғаны хабарланды.


















