Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша, әзірге кім екені анықталмаған қарулы адамдар Плато штатына қарасты Марит ауылындағы кеншілерге шабуыл жасаған.
Шабуыл салдарынан 5 адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.
Платода ара-тұра қарулы шабуылдар жасайтын қылмыстық топ мүшелерінің 21 қыркүйектегі шабуылдарынан да 9 адам қаза тапқан еді.
Нигерияның әртүрлі аймағы ұзақ уақыттан бері қарулы қылмыстық топтармен қатар, «Боко Харам» және ДАИШ-тың Батыс Африкадағы тармағы “ISWAP” лаңкестік ұйымдарының шабуылдарына ұшырап келеді.






















