Оксана Лут ел астанасы Мәскеуде өткен «II Халықаралық ветеринариялық қауіпсіздік форумы» аясында сұрақтарға жауап берді.
Лут елдердің бір-біріне түрлі тауар сататынын атап өтіп, «Түркия мен Ресей ауыл шаруашылығы саласында бір-бірін толықтырады. Біз Түркияға негізінен астық, майлы дақылдар мен май өнімдерін жеткіземіз. Ал Түркиядан көбіне жеміс-жидек пен көкөніс сатып аламыз», - деді.
ҰСЫНЫЛҒАН
Лут түркиялық серіктестерін «Ресейдің тұрақты серіктестері» деп атап, «Қазіргі күрделі жағдай (Украинамен соғысқа байланысты) ынтымақтастығымызды, сауда-саттығымызды және, әрине, достығымызды жалғастыруға кедергі келтірмейді деп үміттенеміз», - деді.






















