МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
TRT-мен бірлесіп түсірілген фильм «Оскар» тізіміне енді
Фильм британдық биліктің Палестина жерлерін еврей қоныс аударушыларына беруін бейнелейді.
TRT-мен бірлесіп түсірілген фильм «Оскар» тізіміне енді
Актер Салех Бакри "Палестина 36" фильмінің премьерасында Палестина туын ұстап, суретке түсті. / Reuters
17 Желтоқсан 2025

TRT-мен бірлесіп түсірілген «Palestine 36» («Палестина 36») фильмі 98-ші Академия сыйлығында «Ең үздік халықаралық толықметражды фильм» номинациясының қысқа тізіміне енді. Бұл — палестиналық кино және аймақтық киноөндіріс үшін маңызды жетістік.

TRT бас директоры Захид Собаджы X желісінде бұл жаңалықты хабарлап, «Киноның күші арқылы Палестина тарихын ашып көрсететін оқиғаны әлемге жеткізіп отырғанымызды мақтан тұтамыз», - деп жазды.

Палестиналық режиссер Аннемари Жасир түсірген «Палестина 36» фильмі 1936 жылы британдық басқаруға қарсы болған араб көтерілісін қайта бейнелейді. Картина жерінен айырылудың алғашқы белгілері аясында палестиналық жұмысшылар мен көтерілісшілердің өмірін баяндайды.

Британ-ливандық продюсер Сауссан Асфари түсірген бұл тарихи драма кең көлемді зерттеулер мен мұрағат материалдарына негізделген. Фильм бүгін Израиль оккупациясында тұрған аумақтарда бір кездері болған палестиналық университеттерді, мекемелерді және қауымдастықтарға назар аударады.

Фильмнің тұсаукесері Торонто халықаралық кинофестивалінде өтті. Ол жерде көрермен туындыны 20 минут бойы қол соғып қарсы алды. Өткен айда фильм Палестинаның атынан Академия сыйлығының халықаралық толықметражды фильм санатына ресми үміткер ретінде таңдалған болатын.

«Палестина 36» 98-ші Академия сыйлығының халықаралық толықметражды фильм санатына ұсынылған 86 ел мен аймақтан келген жұмыстардың арасынан іріктелген 15 фильмнің бірі атанды.

Қысқа тізім Академияның барлық саласынан қатысқан мүшелердің алдын ала дауыс беруі арқылы анықталды. Тізімге Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Латын Америкасынан фильмдер енді.

Іздеу
Түркиядан Иранға гуманитарлық көмек жеткізілмек
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады
Суданда аштық дағдарысы
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады