Көзқарас
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
4 ... минут оқылды
Зейін де демалуы керек: Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе?
Күні бойы ештеңе істемесең де, өзіңді мүлдем қажып кеткендей сезінген кезің болды ма? Денең демалып жатыр, бірақ зейінің тоқтаусыз жұмыс істеуде...
Зейін де демалуы керек: Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе?
Зейін де демалуы керек: Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе? / Reuters

Міне, бүгін біз дәл осы тақырып, заманымыздың ең қиын мәселелерінің бірі болып табылатын интеллектуалдық қажу туралы сөйлесеміз.

Клиникалық психолог, жазушы Рабия Явуздың TRT Haber-ге берген сұхбаты негізінде дайындалған бұл арнайы шығарылымда біз қазіргі адамның интеллектуалдық жүктемесі мен шынайы демалыстың не екенін талқылаймыз.

 Зейіннің қажығаны немесе интеллектуалдық шаршау деген не?

Рабия Явуз бұл күйді былай сипаттайды: “Мидың назар аудару, шешім қабылдау және ақпаратты өңдеу жүйелерін шамадан тыс пайдалануына байланысты функцияларды уақытша орындау алмау.” Бұл нені білдіреді? Зейіннің шашыраңқылығы, ұмытшақтық және шешім қабылдаудың қиындауы... Сізге таныс па?

Қазіргі адамның зейіні неге соншалықты шаршаңқы?

Явуздың пікірінше, зейіннің шаршауы — заманауи өмірдің күрделілігі мен ақпараттың тым көптігінің табиғи нәтижесі. Әлеуметтік желілер, электронды пошталар, толассыз келетін хабарламалар... Үнемі байланыста болу зейінге еш бос орын қалдырмайды. Бұл миды әрдайым «сақ» күйінде ұстайды. Ойлап көрші: таңертең оянған сәттен бастап телефонды тексересің. Жаңалықтар, хабарламалар, әлеуметтік желілер... Күні бойы қанша шешім қабылдайсың? Не жейтініңнен бастап, қай хатқа бірінші жауап беретініңе, қай жазбаны ұнатып-ұнатпайтыныңа дейін жүздеген, бәлкім мыңдаған кішігірім шешім.

Тыныштық неге мазасыздық тудырады?

Міне, өте қызықты жайт: біз тыныштықтан ыңғайсызданамыз. Неге? Рабия Явуздың айтуынша, бұл қазіргі зейіннің үнемі қоздырылуға үйреніп кеткендіктен. «Тыныштықта адам өзін бос қалып қойғандай сезінеді», — дейді Явуз. «Ал негізінде тыныштық — ішкі жаңарудың биологиялық негізін дайындайды. Бұл кеңістікті пайдаланбаған адамдар үшін тыныштық тыныштық емес мазасыздық әкелуі мүмкін». Яғни біз шын мәнінде мұқтаж нәрсемізден қашып жүрміз.

Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе?

Рабия Явуздың жауабы анық: «Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін, бірақ бұл жай жату емес, белсенді әрекетті қажет етеді». Иә, демалу үшін де күш жұмсау керек! Зейінді демалдыру тек ақпарат ағыны мен шешім қабылдау циклінен саналы түрде алыстау арқылы ғана жүзеге асады. Табиғатта уақыт өткізу, цифрлық құралдардан бас тарту және әр сәтті сезіне отырып өмір сүру... Зейінді демалдырудың ең негізгі элементтері — осылар.

Демалыс жеткілікті ме?

«Онда мен демалысқа шықтым, мәселе жоқ қой, иә?» — деп сұрауыңыз мүмкін. Өкінішке орай, бәрі бұлай оңай емес. Явуз ескертеді: «Егер демалыс жоспарлы болса, ол зейінді одан ары шаршатуы мүмкін. Шынайы интеллектуалдық тынығу — ақпарат ағынын азайту және шешім қабылдау санын төмендету арқылы ғана мүмкін болады». Яғни күн сайын жаңа қала, жаңа мұражай, үнемі жоспар құру... Бұл да зейін үшін марафон болуы мүмкін.

Цифрлық әлем зейінге қалай әсер етеді?

Әлеуметтік желілер мен экрандар зейінге демалатын мұрша қалдырмай, үздіксіз қоздырғыш беріп отырады. Бұл шоғырлануды қиындатады. Бір нәрсе оқып немесе көріп отырғанда қанша рет телефонға қарап отырғаныңды байқадың?

Интеллектуалдық демалыс қалай болады?

Рабия Явуздың пікірінше, зейінді демалдыру «бос кеңістікке жол ашудан» басталады: «Жоспарсыз өткізетін сағаттарға уақыт бөлу керек, табиғатта көбірек болу керек, экраннан саналы түрде алыстауымыз қажет. Бұл әрекеттер зейінді альфа толқын режиміне өткізеді және оның тынығуына мүмкіндік береді». Ал егер демалысқа шыға алмасаң ше? Онда күнделікті өміріңе кішігірім өзгерістер енгізуге болады. «Бір кесе шайды дәмін сезініп ішудің өзі зейін үшін үзіліс болуы мүмкін», — дейді Явуз. «Қысқа серуендер, табиғатпен байланыс және тыныс алу жаттығулары зейінді сергітеді. Ең бастысы — саналы түрде тоқтай білу».

Балалы отбасылар не істеуі керек?

Балалы отбасылар үшін жағдай күрделірек болуы мүмкін. Явуздың ұсынысы анық: Күнделікті істерде нақты шекара қалыптастыр. «Үзілістер болуы тиіс, жеке уақыт белгіленуі керек. Жұбайлар өз арасында шешім қабылдау жүгін бөліп атқаруы қажет. Кез келген ересек адам цифрлық детокс жасай алады». Ұмытпаңыз, егер сіз демалсаңыз, балаларыңыз үшін де пайдалырақ ата-ана боласыз.

Интеллектуалдық денсаулыққа мән бермеудің салдары

Рабия Явуз ескертеді: Интеллектуалдық денсаулықты ұзақ уақыт елемеу адамның жалпы өмір сапасына елеулі әсер етуі мүмкін. «Зейіннің шашыраңқылығы, жады мәселелері, күйзеліс синдромы, шешім қабылдау қабілетінің нашарлауы... Мұның бәрі зейінді ескерусіз қалдырудың ұзақ мерзімді салдарлары».

Ал ендеше бүгіннен бастап зейінімізді демалдыру үшін не істей аламыз? Рабия Явуздың ұсыныстары өте қарапайым, бірақ тиімді:

·                 Уақытты баяулату үшін сағатқа қарамау

·                 Дәл осы сәтпен өмір сүруге тырысу

·                 Тыныс алу және зейін жаттығуларын жасау

·                 Табиғи және тыныш ортада  серуендеу

·                 Музыка тыңдау және жазу

Зейіннің шаршағаны көзге көрінбейді, бірақ ол шындық. Денеміз сияқты, зейініміз де демалысқа мұқтаж. Және ұмытпаңыз: шынайы тынығу — тек жату емес, саналы әрекет. Бәлкім бүгін бір кесе шайыңды ерекше сезіммен ішерсің. Бәлкім телефоныңды шетке ысырып қойып, терезеден сыртқа қарарсың. Бәлкім тек тыныс аларсың... Саналы түрде. Өйткені зейін де демалуы керек.

Іздеу
“SAHA 2026” көрмесінде озық әскери технологиялар таныстырылды
Түркияның жаңа қару жүйелері әлем назарында
Мәскеуде қауіпсіздік мақсатында 9 мамырда мобильді интернет өшіріледі
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
Хантавирус қаупі: АҚШ круиз жолаушыларының жағдайын бақылауда
ЕО мен АҚШ сауда келісіміне тағы бір қадам жақындады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті
Трамп Ормуз бұғазындағы «Бостандық жобасын» тоқтатты
АҚШ Пешавардағы бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады
Трамптың ақыл-ойы мен денсаулығына сенім азайды
Ресей шабуылдары салдарынан кемінде 20 украиналық қаза тапты
АҚШ 373 миллион долларлық  пакет арқылы Украинаның соққы беру қашықтығын кеңейтуді жоспарлап отыр