Украина президенті Владимир Зеленский соғыс салдарынан өмірден өткен балаларды еске алып, «Ресей кең ауқымды басқыншылық басталғаннан бері кем дегенде 707 украин баланы өлтірді», — деген тұжырымды қолданды.
Зеленский 4 маусым — Халықаралық агрессия құрбаны болған жазықсыз балалар күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында жазбаша мәлімдеме жариялады.
Ресей-Украина соғысы салдарынан қаза тапқан балаларды еске алғандарын атап өткен Зеленский былай деп жазды:
«Ресей кең ауқымды басқыншылық басталғаннан бері кем дегенде 707 украин баланы өлтірді. Әрбір өлім — болашағы тартып алынған бір бала деген сөз. Ресей бұл қылмыстары үшін жауапқа тартылуы тиіс».




















