ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран: «Зымырандарымыз дайын»
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің әскери кеңесшілерінің бірі Ливанның қауіпсіздігін өңірдегі келіссөздер және бітімгерлік үдерістермен байланыстырып, кез келген шабуылға қатаң жауап берілетінін ескертті.
Иран: «Зымырандарымыз дайын»
Иран: «Зымырандарымыз дайын»

Әли Хаменеидің кеңесшілерінің бірі Мохсен Резаи бейсенбі күні Израильдің Бейруттің оңтүстігіне қатысты қоқан-лоқыларына «Зымырандар дайын» деп жауап берді.  Бұл мәлімдеме Тегеранның Хезболла қозғалысына қолдауын тағы бір мәрте растады.

Мемлекеттік телеарнаға сұхбат берген Резаи Израильді Ливанда қысым тактикасын қолданып, «Иранға қатысты келіссөздерге үстемдік етуге ұмтылып отыр» деп айыптады.

Оның айтуынша, Ливан болашақта кез келген өңірлік мәселелерде маңызды рөл атқарады. Резаи Тегеранның одақтастарына қолдау көрсететінін қайталап, Хезболланы қолдау Иран үшін стратегиялық сенімділік мәселесі екенін айтты.

Сондай-ақ ол одақтастарынан бас тартқан елдер өз ықпалы мен беделін әлсірететінін, жаңа қақтығыс туындаған жағдайда Израильдің солтүстігі соңғы 40 күндік қақтығыстан да ауыр жағдайға тап болуы мүмкін екенін ескертті.

Ормуз бұғазы мен бұғатталған активтер  ̶  маңызды қысым құралдарының бірі

Мохсен Резаи Ормуз бұғазын Иранның бақылауындағы қуатты тежеу тетігі деп атап, оның халықаралық сауда үшін ашық болуы қажет екенін, әскери қысым көрсету алаңына айналмауы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ ол кемінде 24 миллиард долларды құрайтын бұғатталған Иран активтерін босатуға шақырып, мұндай қадам жалғасып жатқан дипломатиялық үдерістерге деген сенімді нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.

Резаи бұл мәлімдемелерін өңірдегі тұрақсыздық күшейген кезеңде жасады. Биыл жылдың басында АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін шиеленіс ушығып, Тегеран қарымта соққы жасап, Ормуз бұғазын уақытша жапқан болатын. Сәуір айында Пәкістанның араағайындығымен бітім күшіне енгенімен, жан-жақты келісімге қол жеткізуге бағытталған келіссөздер әлі де жалғасуда.

Ливанда да сәуір айының ортасында жарияланған бітімге қарамастан қақтығыстар жалғасуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты