ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иранның Кешм аралында жарылыс болды
Иран бұқаралық ақпарат құралдары жағалау аймақтарында жарылыс пен ықтимал зымыран соққылары туралы хабарласа, Кувейт армиясы ел аумағында естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғанысы жүйелерінің тосқауылдау операцияларының нәтижесі екенін мәлімдеді.
Иранның Кешм аралында жарылыс болды
Иранның Кешм аралында жарылыс болды / AP

Иранның Кешм аралында жарылыс болғаны хабарланды. Ирандық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ислам төңкеріс сақшылар корпусы елдің оңтүстігіндегі Кешм аралына жасалған АҚШ шабуылынан кейін Кувейттегі америкалық әскери базаларды нысанаға алған қарымта шабуылдардың басталғанын жариялады.

Ислам төңкеріс сақшылар корпусы мәлімдемесінде Кешм аралында Иранның егемендігі бұзылғанына жауап ретінде Әуе-ғарыш күштері Кувейттегі АҚШ әскери нысандарына зымырандық соққы бергені хабарланды. Мәлімдемеде Иранға қарсы жаңа шабуылдарға «батыл әрі нақты» жауап берілетіні ескертіліп, Иранға қарсы әрекеттерге қатысқан күштер ауыр салдарға тап болатыны атап өтілді.

Ал АҚШ Орталық қолбасшылығы Кешм аралына жасалған шабуылдарды растады. CENTCOM-ның “X” әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде: «АҚШ күштері Иранның Таяу Шығыс аумағындағы шабуыл әрекеттеріне жауап ретінде 2 маусым күні көптеген ирандық баллистикалық зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойды, сондай-ақ өзін-өзі қорғау мақсатында Кешм аралында соққы берді», – делінген.

Сондай-ақ мәлімдемеде Иран тарапынан азаматтық теңіз кемелеріне бағытталған үш камикадзе-дронның атып түсірілгені және америкалық әскери қызметкерлердің зардап шекпегені хабарланды.

Кувейттің әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды

Кувейт армиясы сәрсенбіге қараған түні әуе қорғанысы жүйелерінің «дұшпандық» зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарына қарсы әрекет еткенін мәлімдеді.

Кувейттің әскери билігі елдің әртүрлі өңірінде естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғанысы жүйелерінің тосқауылдау шараларынан туындағанын хабарлады. Әзірге оқиғаға қатысты қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
Иран өз кемесіне жасалған шабуылға жауап бергенін мәлімдеді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Министр Фидан ирандық әріптесі Аракчимен сөйлесті
Түркия Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуіне қатаң наразылық білдірді
Израильдің қоқан-лоқысы Бейрутта жаппай эвакуацияға себеп болды
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті
Рубио Израиль-Ливан қақтығысын тоқтату үшін жоспар ұсынды
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
АҚШ Иран нысандарына әуеден соққы жасады