ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Стубб ЕО құрамын 40 елге дейін кеңейтуді ұсынды
Финляндия президенті: «Түркияны байыппен қарастыруымыз керек. Қазір ешкім Түркия туралы сөз қозғамайды. Қауіпсіздік тұрғысынан Түркияның бізге барынша жақын болуы маңызды», - деді.
Стубб ЕО құрамын 40 елге дейін кеңейтуді ұсынды
Финляндия президенті Александр Стубб

Финляндия президенті Александр Стубб 27 мүшесі бар Еуропалық Одақтың құрамын кеңейтіп, мүше елдер санын 40-қа жеткізу қажеттігін атап өтті.

Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен конференцияда сөз сөйлеген Стубб Еуропалық Одақтың ауқымды стратегия жүргізу керектігін айтты.

Ол ЕО-ның кеңеюін «Еуропаның ең мықты саясаты» деп бағалап, «Еуропалық Одақ мүше елдер санын 40 елге дейін жеткізуге ұмтылып, Ұлыбритания, Канада, Түркия, Норвегия және Исландияны әлеуетті үміткер мемлекеттер ретінде қарастыруы тиіс», – деді.

Стубб Черногория мен Албанияның ЕО-ға мүшелікке ең жақын елдер екенін атап өтіп, 2020 жылы Одақтан шыққан Ұлыбританияның қайта қосылуының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ ол Украина, Молдова және Грузияның да ЕО-ға мүшелік жолында ілгерілеу бар екенін  айтып, «Түркияны байыппен қарастыруымыз керек. Қазір Түркия туралы ешкім сөз қозғамайды. Қауіпсіздік тұрғысынан Түркияның бізге барынша жақын болуы маңызды», – деді.

Іздеу
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Түркия ұлттық құрамасы Флоридада алғашқы жаттығуын өткізді
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
НАТО  Балтық теңізінде оқу-жаттығуларын бастады
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді