Израиль Ливанның оңтүстігінде заңсыз оккупациясын кеңейтіп, стратегиялық маңызы зор Бофор қамалын басып алды. Осылайша 17 сәуірде АҚШ-тың араағайындығымен жасалған бітім келісімі бұзылды.
Израиль күштері Сур мен Набатия маңында шабуылдарын күшейтіп, әскери операцияларын Захрани өзеніне дейін жеткізді. Тель-Авив бұған дейін операциялардың мақсаты Хезболланы Литани өзенінің оңтүстігінен ығыстыру екенін мәлімдеген болатын.
Қазіргі уақытта Израиль бақылауындағы аумақ шамамен 2 мың шаршы шақырымды қамтиды. Бұл Ливан жерінің шамамен бестен бір бөлігіне тең.





















