ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
«Ресейдің Давосы» атанып кеткен Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының 29-отырысы басталды.
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды

Биыл «Прагматикалық диалог: Тұрақты болашаққа бағдар» тақырыбымен өтіп жатқан форум 3-6 маусым аралығында Санкт-Петербург қаласындағы «ExpoForum» орталығында ұйымдастырылуда.

Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, форумға 100-ден астам елден шамамен 20 мың қатысушы келмек.

Ресей президенті Владимир Путин форумның негізгі пленарлық отырысына 5 маусым күні қатысып, қатысушылардың бірқатар сұрағына жауап береді.

Форумға қатысатын лауазымды тұлғалар қатарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Танзания президенті Самия Сулуху Хасан, Қытай төрағасының орынбасары Хань Чжэн және Сауд Арабиясының Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман бар.

Биыл құрметті қонақ ел ретінде таңдалған Сауд Арабиясы форумға энергетика, өнеркәсіп, көлік және қаржы салаларының өкілдерінен құралған ауқымды делегациямен қатыспақ.

1997 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан форум Ресей үшін Азия, Африка, Таяу Шығыс және Жаһандық Оңтүстік мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Форум аясында Ресей мен қатысушы елдер арасында түрлі экономикалық және сауда келісіміне қол қойылады.

Санкт-Петербургке дрондармен соққы берілді

Форум басталған күні Санкт-Петербург пен оның маңында дрон шабуылдары тіркелді.

Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы Кронштадт, Киров және Красносельск аудандарындағы инфрақұрылым нысандарына дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде Санкт-Петербургтегі мұнай өңдеу зауыттары мен бірқатар азаматтық нысанға жасалған дрон шабуылдарының видеолары жарияланды.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко түн ішінде өңір аумағында 59 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді.

Шабуылдарға байланысты Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайында рейстерге уақытша шектеулер енгізіліп, Ресей бұқаралық ақпарат құралдары көптеген әуе қатынасының кешіктірілгенін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей аумағындағы бірқатар маңызды нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Іздеу
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
Трамп: «АҚШ–Иран келісімі мен Ормуз бұғазының ашылуы келесі аптада жүзеге асуы мүмкін»
Иран өз кемесіне жасалған шабуылға жауап бергенін мәлімдеді
Ердоған: «Түркия шекараларды қантөгіс арқылы қайта айқындауға ұмтылғандарға жол бермейді»
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Министр Фидан ирандық әріптесі Аракчимен сөйлесті
Түркия Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуіне қатаң наразылық білдірді
Израильдің қоқан-лоқысы Бейрутта жаппай эвакуацияға себеп болды
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Түркия құрамасының келесі қарсыласы – Солтүстік Македония
Сабиха Гөкчен әуежайы рекорд жаңартты
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады