САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
Израильдің “Channel 12” телеарнасының хабарлауынша, сайлау күні «Раам» партиясы белсенділерінің ұсталуын Нетаньяхуға жақын адамдар алдын ала жоспарлаған.
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
БҰҰ Бас Ассамблеясында Израиль (МҰРАҒАТ). / AP (Wire)

Израильдің “Channel 12” телеарнасының хабарлауынша, сайлау күні «Раам» партиясы белсенділерінің ұсталуын Нетаньяхуға жақын адамдар алдын ала жоспарлаған. Сондай-ақ сайлау күні «сайлауда заңбұзушылықтар болды» деген айыптауларды күн тәртібіне шығару көзделген.

Израиль полициясы мен «Шабак» ішкі қауіпсіздік қызметі «Нетаньяхудың саяси мүдделеріне қызмет ету үшін күш біріктірген». Сайлау қарсаңында Нетаньяхудың бас хатшысы Идо Норден Полиция бас басқармасына «Раам» партиясының белсенділеріне қатысты шағым түсірген. Сонымен қатар қосымша барлау ақпаратын алу үшін полицияны бұған дейін Нетаньяхудың кеңсесінде жұмыс істеген дереккөзге бағыттаған.

Полицияның ақпараттық жүйесіне енгізілген жалған барлау мәліметтері негізінде ұйымдастырылған арандатушылық әрекеттің нәтижесінде сайлау күні кемінде 14 полиция қызметкері тінту және ұстау туралы ордерсіз «Раам» партиясының үш белсендісінің үйіне басып кірген.

Осы оқиғалар тұсында Нетаньяху «күні бойы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бұл айыптауды таратуға күш салып, өз кеңсесі ұйымдастырған оқиғадан саяси пайда көруге» тырысқан. Нетаньяхуға жақын “Channel 14” телеарнасы да бұл айыптауды күні бойы эфирде жариялаған.

Израиль полициясының елдің оңтүстігінде «Раам» партиясының белсенділерін ұстауға бағытталған, бірақ нәтижесіз аяқталған операцияларды жоспарлауға, жүзеге асыруға және ақпарат таратуға қатысқаны атап өтілді. Израильдің бас прокуроры Гали Бахарав-Миара мен полицияның тергеу бөлімі іске кірісіп, «арандатушылық туралы айыптауларды» тексеріп жатқаны хабарланды.

Сонымен қатар Нетаньяху қызметке тағайындаған «Шабак» директоры Давид Зини араб депутаттарының «телефондарын тыңдауды» талап еткені, алайда Бас прокуратура бұл талапты «сенімсіз барлау мәліметтеріне негізделгендіктен» қабылдамағаны айтылды.

Зинидің «Арабтар сайлауды ұрлады» деген айыптауды табанды түрде қорғағаны, алайда Бас прокуратураға бұл мәлімдемесін растайтын ешқандай дәлел ұсына алмағаны хабарланды.

Премьер-министр кеңсесі полицияға өз қызметкерінің хабар бергенін мойындады

«Шабак» қызметі “Channel 12” телеарнасына жасаған мәлімдемесінде «тергеудің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ноам Сольбергтің нұсқауларына сәйкес, заңда белгіленген шеңберде жүргізілгенін» алға тартты.

Ал Израиль премьер-министрінің кеңсесі бас хатшы Норденнің «қылмысқа қатысты алған барлау мәліметтерін полицияға жеткізгенін» мәлімдеп, оның полицияға хабар бергенін растады.

Полицияның жоғары лауазымды қызметкері «Шабак» пен Израиль полициясының бұл оқиғаға қатысы жөнінде: «Бұл оқиғалар маған Израильде енді әділ сайлау болмайтынын көрсетті», – деді.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды