“NBC News” телеарнасының дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Израильмен бірге Иранға жасаған шабуылдардан кейін басталған соғыс салдарынан азайған зымыран қорын толықтыру жолдарын қарастырып жатыр.
Аты-жөндері жарияланбаған дереккөздердің айтуынша, Трамп қорлардың азаюына байланысты кеңесшілері мен одақтастарына «ашу-ызасын білдірген».
Дереккөздер қорғаныс өнеркәсібіндегі жеті компанияның басшысы осы аптада Трамппен кездесуге дайындалып жатқанын айтып, президенттің жиында «қару-жарақ өндірісін жедел арттыру жолдарын табуды талап ететінін» білдірді.
Ал Ақ Үйдің бір өкілі “NBC” арнасына берген түсініктемесінде Трамптың қазіргі жұмыс кестесінде қорғаныс компанияларының басшыларымен кездесу жоспарланбағанын айтты.
ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады


















