САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп келісімге қол жеткізілген жағдайда Иранның Діни жетекшісімен кездесетінін мәлімдеді.
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты. / Reuters

Президент Трамп екіжақты келісім жасалған жағдайда Иранның жаңа Діни жетекшісі Моджтаба Хаменеимен кездесуді өзі үшін «үлкен мәртебе» деп санайтынын айтты.

Моджтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы 28 ақпанда бастаған әскери операциясы кезінде қаза тапқан әкесі Әли Хаменеидің орнына келген болатын.

Трамп Иран үкіметінің әрекеті салдарынан америкалық әскери қызметкерлер қаза тапқан жағдайда АҚШ-тың жедел әскери жауап қайтаратынын ескертті.

Сондай-ақ ол АҚШ-қа Иранның байытылған уранын бақылауға алу үшін арнайы келісім қажет емес екенін, қажет болған жағдайда оған қол жеткізе алатынын мәлімдеді.

Ақпанда басталып, 40 күнге созылған қақтығыстардан кейін Пәкістанның арағайындығымен қол жеткізілген атысты тоқтату келісімі 8 сәуірде күшіне енді. Алайда Ормуз бұғазы, Кувейт және Бахрейн маңында ара-тұра болатын қақтығыс салдарынан өңірдегі шиеленіс әлі де сақталып отыр.

АҚШ пен Израиль ұзақ уақыттан бері Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп айыптап келеді. Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарып, өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсаттарға арналғанын мәлімдейді.

Трамп тұрақты бейбіт келісім Иранның ядролық қаруға ие болмайтынына кепілдік беруі тиіс деген ұстанымын қайталады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Трамп: “Иран америкалық сарбаздарды өлтірмесе, атысты тоқтату режимін бұзбаймын”
Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты