САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
АҚШ-тың делдалдығымен жасалған жаңа бітім келісіміне сәйкес, Ливан Қарулы күштері мемлекеттік емес қарулы құрылымдардың қатысуынсыз кейбір аумақтарға толық бақылау жүргізетін болады.
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды. / AFP

Ливан мен Израиль бірлескен мәлімдемеде бітім келісімін жаңартуға және «сынақ аймақтарын» құруға келіскенін хабарлады.

Сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментінде Вашингтонның делдалдығымен өткен келіссөздердің төртінші кезеңінен кейін жарияланған мәлімдемеде: «Бітім Хезболланың барлық шабуылдарын толық тоқтатуына және оның барлық жасақтарының Литани өзенінің оңтүстігіндегі аумақтан шығарылуына байланысты», – делінген.

Тараптар түпкілікті келісімге қол жеткізу мақсатында саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша келіссөздерді 22 маусымнан басталатын аптада қайта жалғастыруға уағдаласты.

“Анадолы” агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаментінің штаб-пәтерінде өткен келіссөздердің екінші және соңғы күні алты сағаттан астам уақытқа созылған.

Шиеленіс жағдайындағы дипломатия

АҚШ қолдаған келіссөздер Израильдің күн сайын жалғасып келген шабуылдарынан кейін өтті. Бұл шабуылдар 2 наурыздан бері шамамен 3 500 адамның өліміне себеп болды. Ал 17 сәуірде күшіне енген бітім кейінірек шілде айының басына дейін ұзартылған болатын.

Иран АҚШ пен Израиль ақпан айының соңында бастаған шабуылдарды тоқтататын кез келген келісімге Ливанды қамтитын бітім болмаса келіспейтінін мәлімдеді.

Соңғы күндері Беньямин Нетаньяху әскерге операцияларды кеңейтуді бұйырып, Бейрутқа шабуыл жасауға шақырғаннан кейін шиеленіс күшейе түсті.

Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен шиеленісті телефон әңгімесінен кейін өз ұстанымын жұмсартқан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуіне қатаң наразылық білдірді
Іздеу
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Түркия ұлттық құрамасы Флоридада алғашқы жаттығуын өткізді
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
НАТО  Балтық теңізінде оқу-жаттығуларын бастады
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді