САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті
Мажарстан премьер-министрі Пе́тер Ма́дьяр президент Тамаш Шуйоктың отставкаға кетуден бас тартуына байланысты оның қызметінен босатылуы үшін парламентте заңдық рәсім басталатынын мәлімдеді.
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті / Reuters

Мажарстан премьер-министрі Пе́тер Ма́дьяр дүйсенбі күні президент Тамаш Шуйокпен кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде егер мемлекет басшысы қызметінен өз еркімен кетпесе, үкімет оны қызметінен босату үшін заңдық рәсімді бастайтынын айтты.

Пе́тер Ма́дьяр жетекшілік ететін орталық-оңшыл “Tisza” партиясы сәуір айындағы сайлауда айқын жеңіске жетіп, премьер-министр Виктор Орбанның билігін тоқтатты. Партия сондай-ақ Орбан соңғы 16 жыл ішінде маңызды мемлекеттік қызметтерге тағайындаған бірқатар тұлғаны қызметтен босатуға уәде берген.

Пе́тер Ма́дьяр 2024 жылдың басында Орбанның “Fidesz” партиясының депутаттары сайлаған Тамаш Шуйокты отставкаға кетуге шақырған болатын. Ол президентті маңызды мәселелерде ұлттық бірлікті таныта алмады және Орбан мен оның үкіметінің мүдделеріне қызмет етті деп айыптады.

Алайда Шуйок қызметінен кетуден бас тартты.

«Мен президентке егер ол өз ұстанымынан таймай, отставкаға кетпесе, бүгін “Tisza” партиясының депутаттарына заңнамалық бастамаларымызды таныстыратынымды және қажетті рәсімдерді дереу бастайтынымызды айттым», – деді Ма́дьяр.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл рәсімдер шамамен бір айға созылады. Сондай-ақ ол «құқық үстемдігі мен демократияны әлсірету үдерісіне қатысқан барлық қуыршақтардың» қызметтен кетірілетінін мәлімдеді.

«Заңсыз ультиматум»

Орбанның “Fidesz” партиясы Пе́тер Ма́дьярды «заңсыз ультиматум қойды» деп айыптап, Шуйоктың заңды өкілеттік мерзімі 2029 жылға дейін жалғасатынын және оны қызметінен босатуға болмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Мажарстанның Жоғарғы сотының төрағасы болған Шуйок бұл қызметке 2016 жылы “Fidesz” партиясының қолдауымен сайланған еді.

Мажарстанда президент лауазымы негізінен символдық сипатқа ие. Дегенмен Шуйок заңдарды қайта қарау үшін парламентке кері қайтара алады немесе оларды Конституциялық соттың қарауына жолдай алады. Осы өкілеттіктері арқылы оның Ма́дьяр реформалар күн тәртібін баяулатуға немесе оған кедергі келтіруге мүмкіндігі болмақ.

Пе́тер Ма́дьяр өз партиясының парламенттегі үштен екілік басымдығын пайдаланып, конституция мен басқа да заңдарға өзгеріс енгізу арқылы Шуйокты қызметінен босататынын айтты.

Іздеу
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады
Түркия мен Алжир президенттері телефон арқылы сөйлесті
АҚШ есірткі контрабандасына қарсы операцияда 2 адамды өлтірді
АҚШ БҰҰ сарапшысы Франческа Альбанезеге қарсы санкцияларды қайта енгізді
ХАМАС Қассам бригадалары қолбасшысының қаза тапқанын растады
Әл-Ақса мешітінде құрбан айт намазы оқылды
Президент Ердоған Газа халқына қолдау білдірді
Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады
Израильдің дрон шабуылынан бес адам қаза тапты
Президент Ердоған құрбан айт мерекесімен құттықтады