«TİKA» дайындаған гуманитарлық көмек пакеттері Түркияның Венесуэладағы елшілігінің үйлестіруімен жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра қаласындағы Хосе Мария Варгас спорт кешенінде Венесуэла билігіне тапсырылды.
Шамамен 5 мың адамға жеткізу көзделген көмек пакеттеріне бес адамнан тұратын отбасының 15 күндік қажеттілігін өтейтін май, күріш, макарон, печенье сияқты негізгі азық-түлік өнімдері мен гигиеналық заттар енгізілді.
Түркияның Венесуэладағы елшісі Нажи Айдан Караманоглу Түркияның жер сілкінісінен кейін Венесуэламен ынтымақтастығын тек көңіл айту хабарламаларымен шектемегенін айтып, 75 адамнан тұратын түрік іздеу-құтқару тобының аймақта жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді.
Венесуэла Сыртқы істер министрінің орынбасары Оливер Бланко Түркияға алғыс білдірді.
Ла-Гуайра губернаторы Хосе Алехандро Теран да халықаралық ынтымақтастық үшін алғыс айтып: «Шынайы достық осындай қиын кезеңде белгілі болады», – деді.






















