ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
"TUSAŞ" қорғаныс өнеркәсібіндегі «ең тартымды компания» болып сайланды
«Ең тартымды компаниялар зерттеуі 2026» қорытындысы бойынша Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) қорғаныс саласында жастар ең көп жұмыс істегісі келетін мекеме деп танылды.
"TUSAŞ" қорғаныс өнеркәсібіндегі «ең тартымды компания» болып сайланды
"TUSAŞ" қорғаныс өнеркәсібіндегі «ең тартымды компания» болып сайланды

Компания таратқан мәлімдемеге сүйенсек, «Realta Danışmanlık» компаниясы биыл 17-ші рет ұйымдастырған зерттеуге 98 мыңнан астам университет студенті мен 40 мыңға жуық жас маманды қосқанда, жалпы саны 137 мыңнан астам адам қатысқан.

Қатысушылар компанияларды көшбасшылық қасиет, мансаптық мүмкіндіктер, оқыту және біліктілікті арттыру жағдайлары, корпоративтік мәдениет, еңбекақы мен әлеуметтік пакет және жұмыс ортасы сияқты өлшемдер (критерийлер) бойынша бағалады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, “TUSAŞ” өз тарихында алғаш рет қорғаныс өнеркәсібі секторының көш басына шықты. Осылайша компания жас таланттардың мансаптық мақсаттарында ең көп таңдайтын секторлық мекемесіне айналды.

“TUSAŞ” барлық салаларды қамтитын «Түркияның ең тартымды 200 компаниясы» тізімінде де өткен жылмен салыстырғанда 12 саты жоғарылап, 6-шы орынға тұрақтады.

Ұлттық авиация, ғарыш және қорғаныс технологиялары бағытында атқарып жатқан жобаларымен ерекшеленетін “TUSAŞ” өзіндік платформалары мен жоғары технологияға негізделген жұмыс ортасы арқылы жас инженерлер мен кәсіби мамандар үшін маңызды мансап орталықтарының бірі болуын жалғастыруда.