ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады
Кеме қозғалысын бақылау деректеріне сәйкес, АҚШ санкциясына іліккен кемінде екі кеме Ларак пен Киш аралдарының арасындағы жаңа бағыт арқылы Парсы шығанағына кірген.
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады. / TRT World

АҚШ-тың Ормуз бұғазындағы қоршауының үшінші күнінде АҚШ санкциясына іліккен, Иранмен байланысты кемінде екі кеме Иранның Ларак пен Киш аралдарына жақын маңдағы жаңа бағыт арқылы Парсы шығанағына кірді. Ал Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысы айтарлықтай азайды.

Кеме қозғалысын бақылау деректеріне сәйкес, сұйытылған мұнай газын тасымалдаушы G Summer кемесі мен алып шикі мұнай танкері Hong Lu (RHN) Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққаннан кейін Иран жағалауына жақын бағытпен жүзіп, Ормуз бұғазынан жаңа бағыт арқылы өткен.

Бос күйінде жүзіп бара жатқан G Summer кеменің иесі мен экипажының қытайлық екенін көрсететін мәлімет жариялаған. Кеменің межелі порты ретінде Ирактағы Хор әл-Зубайр көрсетілген. Сондай-ақ бос келе жатқан және Иранмен байланысы үшін Вашингтонның санкциясына ұшыраған“Hong Lu көп ұзамай дәл сол бағытпен жүрген. 2 миллион баррельге дейін шикі мұнай тасымалдай алатын бұл танкер кейін Иран жағалауы бойымен батысқа қарай жылжи отырып, бұйрық күтіп тұрғанын көрсеткен.

Бұған дейін Rosalina атты жүк кемесі де осы бағытты пайдаланып, Иран портына азық-түлік жеткізетінін білдірген болатын.

Шығу бағытындағы қозғалыс шектеулі болған. Иранмен байланысты екі контейнер кемесі — Golbon мен Kashan сәрсенбі күні Парсы шығанағынан шықты. Сол күні шағын мұнай өнімдері танкері Nobler Оман теңізіне қарай бет алды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті