Норвегиядағы әскери жаттығуларда пайдаланылған жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылып, әскерилердің бағыттары мен құпия сөздерінің таспаға түсуі елде қауіпсіздік алаңдаушылығын тудырды.
Норвегиялық бұқаралық ақпарат құралдары қыркүйек айында елорда Ослода өткізілген жаттығуда жалға алынған көліктердің пайдаланылғанын білдірді. Көліктердегі камералардың әскерилердің қозғалысын, бағыттарын және қауіпсіздікке рұқсат беру парольдерін таспаға түсіріп алғанын хабарлады.
Көліктердің Норвегия Қарулы Күштері пайдаланатын фирма арқылы жалға алынғаны, оның кемінде 2-уінің қытайлық брендке тиесілі екені білдірілді.
Айыптаулардан кейін «көліктердегі камералардың жады өшірілді» деген бағытта мәлімдеме жасалғаны, жалға алынған көліктердегі камералардың әскери ақпаратты жазып алуы Норвегияда қауіпсіздік алаңдаушылығын тудырғаны атап өтілді.
Норвегия Қорғаныс министрлігі бұған дейін жасаған мәлімдемесінде жалға алынған көліктерге қатысты келісімшартта құпия ақпаратты рұқсатсыз тұлғалардың қол жеткізуінен қорғауға бағытталған тармақтың бар екенін хабарлаған болатын.




















