ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Бұл шабуылдар АҚШ бастаған халықаралық коалицияның шамамен 12 жыл бұрын Иракта ДАИШ террорлық ұйымына қарсы бастаған миссиясы 30 қыркүйекте ресми түрде аяқталғаннан кейін екі апта өтпей жасалды.
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды

Ирактың қауіпсіздік қызметкерлері жексенбі күні елдің «F-16» жойғыш ұшақтары шығыстағы Дияла уәлаятында ДАИШ террорлық ұйымы пайдаланған бекініске екі рет әуеден соққы беріп, оны жойғанын хабарлады.

Ирактың ресми «INA» ақпарат агенттігі таратқан Қауіпсіздік жөніндегі ақпарат орталығының мәлімдемесінде әуе соққылары Нарин аймағындағы ДАИШ содырларына бағытталғаны айтылды.

Операция Әскери барлау басқармасы ұсынған ақпарат негізінде, армияның әуеден барлау және бақылау орталығымен бірлесіп жүргізілді.

Қауіпсіздік жөніндегі ақпарат орталығы аталған бекіністің толық жойылғанын хабарлады. Алайда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет берілмеді. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны айтылды.

Бұл шабуылдар АҚШ бастаған халықаралық коалицияның Иракта ДАИШ террорлық ұйымына қарсы шамамен 12 жылға созылған миссиясы 30 қыркүйекте ресми түрде аяқталғаннан кейін екі апта өтпей жасалды.

Ирак 2017 жылдың желтоқсанында ДАИШ бақылауындағы барлық аумақты қайтарып алғаннан кейін террорлық ұйымды жеңгенін жариялаған болатын. Алайда Ирак әскері ұйымның қалған содырларына қарсы операцияларын жалғастырып келеді.

 

Іздеу
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркияның автомобиль экспортының 73 пайызы ЕО елдеріне бағытталған
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін