АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Атлант мұхитында пайда болып, күші екінші санатқа жеткен «Исайас» дауылы елдің шығыс жағалауына қарай жылжуын жалғастыруда.
Дауыл демалыс күндері жағалауға жетуі мүмкін. Мамандар осы уақыт аралығында оның күші арта түсетінін болжауда.
Дауыл мен нөсер жауын әсер етуі мүмкін Алабама, Флорида және Джорджия штаттарының кейбір аудандарында тұрғындарды шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық берілді.
Сонымен қатар дауылдың жақындауына байланысты Флоридадағы кейбір әуежайлар уақытша жабылып, әуе рейстері тоқтатылды. Пойыз қатынасы да тоқтауы мүмкін.






















